Архив доступен 6 300 сообщений С 2022 года

Лента канала хранится отдельно от общего реестра и подгружается страницами, чтобы аналитик мог читать архив без тяжёлого общего поиска поверх сообщений.

В Павлодарской области стартовал пилотный проект Цифровой службы занятости, направленный на повышение доступности государственных мер содействия занятости с использованием технологий искусственного интеллекта.

Новый сервис анализирует данные пользователя и через Telegram-бот в автоматическом режиме предлагает наиболее подходящие вакансии, варианты профессионального обучения, меры государственной поддержки и другие возможности для трудоустройства.

Проект реализуется в пилотном режиме и позволит оценить эффективность цифровых инструментов при оказании услуг населению, а также усовершенствовать механизмы взаимодействия граждан со службой занятости.

Ход реализации пилотного проекта был рассмотрен на совещании под председательством заместителя Премьер-министра - министра культуры и информации Республики Казахстан Аиды Балаевой.

Мемлекеттік кепілдік сақталады: 2027 жылдан бастап зейнетақы жүйесінде не өзгереді?

Міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік толық көлемде сақталады. Бұл норма Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде бекітілген және оған ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

Государственная гарантия сохранности пенсионных накоплений сохраняется: что изменится с 2027 года

Государственная гарантия сохранности обязательных пенсионных взносов сохраняется в полном объеме. Соответствующая норма закреплена в Социальном кодексе Республики Казахстан и не претерпевает изменений.

Подробнее

Казахстан усиливает подготовку кадров для рынка труда

Профессиональное обучение остается одним из ключевых инструментов государственной политики занятости, помогая гражданам получать востребованные профессии и повышать свою конкурентоспособность на рынке труда.

По состоянию на 1 июля 2026 года

на профессиональное обучение направлены 3 741 человек

это в 1,2 раза больше, чем за аналогичный период прошлого года (3 049 человек).

Обучение проводится по востребованным специальностям с учетом потребностей работодателей. Программы рассчитаны на срок до 6 месяцев и позволяют освоить новую профессию или повысить квалификацию.

Параллельно развивается Национальная система квалификаций: разрабатываются новые профессиональные стандарты, укрепляется взаимодействие работодателей и организаций образования, расширяются цифровые сервисы для развития карьеры и квалификаций.

Подробнее

Қазақстанда еңбек нарығына қажетті кадрларды даярлау жұмыстары күшейтілуде

Кәсіптік оқыту жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі тетіктерінің бірі болып қала береді. Ол азаматтарға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша

кәсіптік оқуға 3 741 адам жолданды

бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе жоғары (3 049 адам).

Оқыту жұмыс берушілердің сұранысына ие мамандықтар бойынша ұйымдастырылады. Бағдарламалардың ұзақтығы 6 айға дейін созылады және жаңа кәсіпті игеруге немесе біліктілікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Ұлттық біліктілік жүйесі де дамып келеді. Жаңа кәсіптік стандарттар әзірленуде, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл нығайтылып, мансаптық даму мен біліктілікті арттыруға арналған цифрлық сервистер кеңейтілуде.

Елімізде жұмыс іздеу тәсілі өзгереді: азаматтар жұмысты емес, жұмыс азаматтарды іздейді.

Минтруда подвело итоги работы за первое полугодие 2026 года

Под председательством министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Аскарбека Ертаева состоялось расширенное заседание, на котором были рассмотрены итоги работы ведомства за первое полугодие 2026 года и определены ключевые задачи до конца года.

Основные результаты

На социальные выплаты в 2026 году предусмотрено 6,8 трлн тенге

Пенсиями и пособиями обеспечены 4,6 млн человек, общий объем выплат составил 3,3 трлн тенге

С начала года трудоустроено около 250 тыс. человек, еще 245 тыс. граждан охвачены активными мерами содействия занятости

Государственные инспекторы труда провели 3 607 проверок, в ходе которых выявлено свыше 4 тыс. нарушений трудового законодательства

Уровень безработицы в стране составил 4,5%

Более 45% медико-социальных экспертиз проводятся в заочном формате

Благодаря цифровизации сроки оказания 9 государственных услуг сокращены до одного рабочего дня.

Подробнее

Еңбек министрлігі 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын шығарды

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті. Онда ведомствоның 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары қаралып, жыл соңына дейінгі негізгі міндеттер айқындалды.

Негізгі нәтижелер

2026 жылы әлеуметтік төлемдерге 6,8 трлн теңге қарастырылды

4,6 млн адам зейнетақы және жәрдемақымен қамтылып, төлемдердің жалпы көлемі 3,3 трлн теңгені құрады

Жыл басынан бері 250 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылып, тағы 245 мың азамат жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

Мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 607 тексеру жүргізіп, нәтижесінде еңбек заңнамасының 4 мыңнан астам бұзушылығы анықталды

Елдегі жұмыссыздық деңгейі 4,5% болды

Медициналық-әлеуметтік сараптамалардың 45%-дан астамы сырттай форматта жүргізілуде

Цифрландырудың арқасында 9 мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі бір жұмыс күніне дейін қысқартылды.

Эксклюзивное интервью на тему: "Пенсионные накопления: новая модель защиты".

Гости студии

Данара Кайролла, директор Департамента социального обеспечения и социального страхования МТСЗН РК

Мурат Шарипов, управляющий директор АО ЕНПФ, директор филиала в г. Астане.

Қазақстанда платформалық жұмыспен қамту қарқынды дамып келеді

Бүгінде 1 миллионнан астам адам цифрлық платформалар арқылы табыс табады, олардың 540 мыңнан астамы әлеуметтік және зейнетақы жарналарын тұрақты төлейді. Бұл еңбек нарығының жаңа мүмкіндіктері мен азаматтардың әлеуметтік қорғалуын күшейтіп отыр.

В Казахстане запустят первое государственное производство индивидуальных ортезов

Министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек Ертаев ознакомился с проектом первой в стране государственной лаборатории ортезного моделирования и производства в Алматы.

Генеральный директор Национального научного центра развития сферы социальной защиты Сырым Наси представил министру проект лаборатории.

Открытие лаборатории запланировано на 1 октября 2026 года.

Лаборатория обеспечит полный цикл изготовления индивидуальных ортезов с использованием современных цифровых технологий.

Сегодня такие ортезы в основном производят частные компании, поэтому их стоимость остается высокой. Создание государственной лаборатории позволит обеспечивать граждан высокотехнологичными ортезами за счет государства.

Планируется изготовить

до конца 2026 года – 500 ортезов

в 2027 году – 1 000

в 2028 году – 1 500.

За три года современными ортезами будут обеспечены около 3 тысяч человек.

«Национальный научный центр должен стать ведущей научно-практической площадкой по внедрению современных реабилитационных технологий. Важно обеспечить своевременный запуск лаборатории ортезного моделирования и производства, продолжить цифровизацию процессов реабилитации и дальнейшее развитие системы слухоречевой реабилитации детей после кохлеарной имплантации», – подчеркнул Аскарбек Ертаев.

Подробнее

Қазақстанда алғашқы мемлекеттік жеке ортездер өндірісі іске қосылады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Алматы қаласында еліміздегі алғашқы мемлекеттік ортездерді модельдеу және өндіру зертханасының жобасымен танысты.

Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының бас директоры Сырым Нәси министрге зертхана жобасын таныстырды.

Зертхананы іске қосу 2026 жылғы 1 қазанға жоспарланған.

Зертхана заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жеке ортездерді дайындаудың толық циклін қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда мұндай ортездерді негізінен жекеменшік компаниялар өндіреді, сондықтан олардың бағасы көп азаматтар үшін қолжетімсіз болуы мүмкін. Мемлекеттік зертхананың ашылуы азаматтарды жоғары технологиялық ортездермен мемлекет есебінен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоспар бойынша

2026 жылдың соңына дейін – 500 ортез

2027 жылы – 1 000 ортез

2028 жылы – 1 500 ортез дайындалады.

Осылайша, үш жыл ішінде 3 мыңға жуық азамат заманауи ортездермен қамтамасыз етіледі.

«Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы заманауи оңалту технологияларын енгізетін жетекші ғылыми-практикалық алаңға айналуы тиіс. Ортездерді модельдеу және өндіру зертханасын уақытылы іске қосып, оңалту үдерістерін одан әрі цифрландыруды, сондай-ақ кохлеарлық имплантациядан кейін балалардың есту-сөйлеу оңалту жүйесін дамытуды жалғастыру маңызды», – деп атап өтті Асқарбек Ертаев.

Қазақстанда ресми жұмыспен қамтылғандар саны 150 мыңға жуық адамға артты

Ресми еңбек нарығы нығайып, азаматтарды тұрақты жұмыспен және әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету деңгейі артып келеді.

В Казахстане число работников с официальной занятостью выросло почти на 150 тысяч человек

Формальный рынок труда продолжает укрепляться, обеспечивая гражданам стабильную работу и социальные гарантии.

Подробнее

Кто имеет право на получение социального отпуска для прохождения скрининговых исследований, и сколько дней предусмотрено на профилактическое обследование в течение календарного года? Рассказываем об этом в сегодняшнем видео.

Скринингтік зерттеулерден өту үшін әлеуметтік демалысқа кімдер құқылы және күнтізбелік жыл ішінде профилактикалық тексеруден өтуге қанша күн беріледі? Бейнематериалда осы жайында айтылады.

На Портале социальных услуг усовершенствован процесс регистрации поставщиков товаров и услуг. Министерство труда и социальной защиты населения внедрило автоматическую проверку сведений через государственные информационные системы. Подробности – в видео.

Әлеуметтік қызметтер порталында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді тіркеу үдерісі жетілдірілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мәліметтерді автоматты түрде тексеру тетігін енгізді.

Бейнематериалдан толығырақ біле аласыздар.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев платформалық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысына қатысты. Кездесу «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өтті. Оған сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, ірі отандық және халықаралық интернет-платформалардың өкілдері қатысты.

Министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек Ертаев принял участие в первом заседании Рабочей группы по вопросам платформенной занятости. Встреча прошла под председательством главы Президиума НПП «Атамекен» Каната Шарлапаева. В обсуждении также участвовали руководители заинтересованных министерств и ведомств, представители крупнейших отечественных и международных интернет-платформ.

Подробнее

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастырып келеді. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі ретінде 2025 жылы қызмет көрсететін ұйымдарды лицензиялау тетігі енгізіліп, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшу жүзеге асырылды.

Министерство труда и социальной защиты населения продолжает работу по повышению качества и эффективности специальных социальных услуг для жертв бытового насилия. Важным этапом этой работы стало внедрение в 2025 году лицензирования организаций, оказывающих такие услуги, и переход на подушевое финансирование.

Подробнее

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы оқыту мен білімін тексерудің жаңа қағидаларын қолдануға қатысты азаматтар мен ұйымдардан өтініштер келіп түсуде.

Еске салсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 30 мамырдағы №223 бұйрығымен осы рәсімге жаңа тәсілдер енгізілген. Атап айтқанда, құжат оқу орталықтарына қойылатын нақты талаптарды, олардың тізбесін қалыптастыру тәртібін, сондай-ақ мамандардың жекелеген санаттарын даярлаудың арнайы тәртібін белгілейді.

Жұмыс берушілердің, оқыту ұйымдарының және сарапшылар қауымдастығының ұсыныстарын ескере отырып, Министрлік аталған қағидаларды қолданысқа енгізу мерзімін 2026 жылғы 12 шілдеден 2027 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру туралы бастама көтерді.

Жаңа талаптар күшіне енгенге дейін ведомство оларды әлеуметтік әріптестермен, кәсіподақтармен, жұмыс берушілермен және өзге де мүдделі тараптармен жан-жақты талқылауды жалғастырады. Талқылау қорытындысы бойынша теңгерімді шешімдер қабылданып, қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

В Министерство труда и социальной защиты населения РК поступают обращения по поводу применения новых Правил обучения и проверки знаний в области безопасности и охраны труда.

Напомним, приказ Министра труда от 30 мая 2026 года № 223 меняет подходы к этой процедуре. В частности, документ вводит четкие требования к учебным центрам, порядок формирования их перечня, а также особый алгоритм подготовки для отдельных категорий специалистов.

Учитывая предложения работодателей, обучающих организаций и экспертного сообщества, Министерство инициировало перенос сроков введения этих правил с 12 июля 2026 года на 1 января 2027 года.

До вступления новых требований в силу ведомство продолжит их детальное обсуждение со всеми заинтересованными сторонами – социальными партнерами, профсоюзами и бизнесом. По итогам обсуждения будут выработаны сбалансированные решения и при необходимости внесены соответствующие изменения в нормативное регулирование.

Пособия детям с инвалидностью: как назначаются и что важно знать о пенсии?